ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫ
ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫ
Шығыс Еуропа Кубогы – Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина аймақтарын біріктіретін құрлықтық кубогы. Бұл елдердің спортшылары арасында осы жарыста әлем чемпионатына қосымша квота ойнатылады. Басқа елдердің спортшылары FIS жарыстарының қалыпты жағдайда жарыстарға қатыса алады, бірақ Әлем чемпионаты квоталарына ұпай жинауға қатыспайды.
12 ҚАРАША
Келу күні
Ресми жаттығу, классикалық қозғалыс, айналым 1,2 км
Мандаттық комиссия(конференц-зал)  
Команда капитандарының жиналысы
Ашылу салтанаты (командалық бөлме алдындағы алаң)
13 ҚАРАША
Жеке спринт, классикалық қозғалыс, 1,5 км
10:00...............................Біліктілік кезең, әйелдер
10:30...............................Біліктілік кезең, ерлер
12:15-12:39......................1/4 финалы, әйелдер
12:45-13:09....................1/4 финалы, ерлер
13:19-13:25.....................1/2 финалы, әйелдер
13:35-13:40....................1/2 финалы, ерлер
13:50.............................Финал, әйелдер
14:00............................Финал, ерлер
14:30...............................Марапаттау рәсімі
16:00-17:00...................Ресми жаттығу, классикалық қозғлыс, айналым 2,5 км
17:00............................... Команда капитандарының жиналысы (конференц-зал)

Нәтижелер

Трасса

14 ҚАРАША
10:00........................Классикалық қозғалыспен жеке жарыс, 5 км, әйелдер
11:30.......................... Классикалық қозғалыспен жеке жарыс, 10 км, ерлер
13:15..........................Марапаттау рәсімі
16:00-17:00.............Ресми жаттығу, еркін қозғалыс, айналым 2,5 км
17:00......................... Команда капитандарының жиналысы

Қыз нәтижелері

Нәтиже ерлер

15 ҚАРАША
09:30......................... Еркін қозғалыспен жеке жарыс, 10 км, әйелдер (start list)
11:00.......................... Еркін қозғалыспен жеке жарыс, 15 км, әйелдер (start list) 12:45............................Марапаттау рәсімі, жабылу салтанаты

Результаты девушки
Результаты мужчины

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ I КЕЗЕҢІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДА 2 ЖҮЛДЕ ЖӘНЕ ЕКЕУІДЕ КСЕНИЯ ШАЛЫГИНАНЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА
15 қараша Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңінің қорытындысы бойынша әйелдер үшін 10 км және ерлер үшін 15 км қашықтықта еркін жүріспен жарыс өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей және Мароккодан барлығы 118 спортшы қатысты.

Жарыстың үшінші күні әйелдер арасында Екатерина Смирнова (РФ), екінші орын Ксения Шалыгина (ҚР) және үшінші орын Наталия Мекрюкова иеленді. Үздік 10-дыққа Ангелина Шурыга (ҚР), Жанна Меньшова (РФ), Дарья Рогозина (РФ), Ирина Быкова (ҚР), Валерия Тюленева (ҚР), Надежда Степашкина (ҚР) және Айша Ракишева (ҚР) кірді.

Ерлер арасында Ресейлік Сергей Волков жеңіске жетті. Тұғырдың екінші және үшінші сатысынада Ресейлік Андрей Краснов пен Андрей Кузнецов тұр. Үздік-10-дықта -Наиль Башмаков (ҚР), Андрей Парфенов (РФ), Станислав Волженцев (РФ), Олжас Климин (ҚР), Владислав Вечканов (РФ), Владислав Ковалев (ҚР) және Евгений Величко (ҚР).

Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңінің қорытындысы бойынша көшбасшылары Наталия Микрюкова мен Андрей Кузнецов болды. Қазақстан құрамасы Ксения Шалыгинаның жеке қоржынында 2 марапат бар.

Жарыстардың толық хаттамасымен танысуға, сондай-ақ жарыстың фотосуреттері мен видеоларын http://wsports.kz/ сайтынан көруге болады.

ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫНДА "КЛАССИКА БАҒЫТ" ЖАРЫСЫНДА ҮЗДІК ҮШТІК АНЫҚТАЛДЫ
14 қараша, Шығыс Еуропа Кубогының екінші күні Щучинск қаласында 5 және 10 км классикалық бағытымен жарыс өтті.

14 қарашада шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының екінші күнінде 5 және 10 шақырымдық классикалық бағытпен жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында Ресейлік Наталия Мекрюкова көшбасшы атанды. Екінші орындыда Ресейлік спортшы Екатерина Смирнова иеленді. Ал үшінші орынға отандасымыз, Қазақстандық спортшы Ксения Шалыгина алды.

Үздік-10-қа Дарья Рогозина (РФ) мен Қазақстандық шаңғышылар Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ирина Быкова, Ангелина Шурыга, Айша Ракишева және Валерия Тюленева кірді.

Ерлер арасында тағы да барлық жеңіс тұғырын Ресейлік спортшылар иеленді. Андрей Кузнецов үздік нәтиже көрсетіп, көшбасшы позициясын сақтап қалды. Екінші орында Сергей Волков, үшінші орында Андрей Краснов. Үздік-10 құрамына Дмитрий Жуль (РФ), Евгений Величко (ҚР), Владислав Вечканов (РФ), Иван Люфт (ҚР), Наиль Башмаков (ҚР), Станислав Волженцев (РФ), Андрей Парфенов (РФ) кірді.

Ертең, 15 қарашада, Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңінің соңғы күнінде әйелдер арасында 10 км және ерлер арасында 15 км еркін жүгіру жарысы өтеді.

Жарыстың тікелей эфирін Cop ZVS TV youtube арнасындағы Ұлттық шаңғы орталығының телестудиясында жүргізіледі. Жарыстың, яғни екінші күннің толық хаттамасын http://wsports.kz/ сайтынан көре аласыздар.
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ БІРІНШІ ЖАРЫС КҮНІ АЯҚТАЛДЫ
Шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының бірінші күні аяқталды. Халықаралық жарысқа, яғни Щучинск қаласына Қазақстан, Ресей және Мароккодан 150-ге жуық спортшы келді. 13 қарашада шаңғышылар классикалық стильде біліктіліктен өтті.

Әйелдер мен ерлер тобындағы жарыстың қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіне Ресей спортшылары кірді: Наталия Мекрюкова, Дарья Рогозина, Екатерина Смирнова, Андрей Кузнецов, Андрей Парфенов және Андрей Краснов.

Үздік алтылыққа Қазақстандық спортшылар Константин Борцов, Владислав Ковалев, Святослав Матасов, Дарья Ряжко, Надежда Степашкина және Анна Мельник кірді.

Ертең, 14 қарашада әйелдер 5 км және ерлер 10 км бойынша классикалық жүгіру жарысы өтеді. Жарыстың тікелей эфирін Cop VS TV youtube арнасындағы Ұлттық шаңғы орталығының телестудиясы жүргізеді. Бірінші күннің толық хаттамасымен танысуға, сондай-ақ старттың фотосуреттері мен бейнежазбаларын http://wsports.kz/ сайтынан көруге болады.
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫ: ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Бүгін, яғни 11 қараша күні сағат 17.00-де шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңіне өтінімдер қабылдау аяқталады. Ертең спортшыларды ресми жаттығулар күтеді.

Төрешілер алқасындағы шағын өзгерістер - FIS техникалық делегаты Андрей Арсеньев (РФ) коронавирусқа ПТР-тестінің оң нәтиже беруіне байланысты Қазақстанға ұшып келе алмады. Сондықтан, оны Олег Коломеец (ҚР) алмастырады. Жарыстың бас төрешісі болып Андрей Невзоров тағайындалды.

Олег Коломеец - Ақмола облысының шаңғы жарысынан аға жаттықтырушысы, Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы трассаларын дайындау бөлімінің басшысы.

Андрей Невзоров-шаңғы жарысынан ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы, қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия ойындарының жүлдегері.
ЕҢ МЫҚТЫ СПОРТШЫЛАР ЖАРЫС ЖОЛЫНА БІРІНШІ БОЛЫП ШЫҒАДЫ
Шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа кубогының алдында команда капитандарының жиналысы өтті. Іс-шара барысында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев жаттықтырушылар мен спортшыларды жаңа қысқы маусымның басталуымен құттықтап, шаңғы тебуде табыс пен сәттілік тіледі.

Одан әрі төрешілер алқасының өкілдері Шығыс Еуропа Кубогының бірінші кезеңіне қатысушылармен старттарды өткізу ережелерін талқылады. Жарыстың бас төрешісі Андрей Невзоров атап өткендей, жеребе тастау FIS-ұпайлары бойынша – кішіден бастап үлкенге қарай жүргізіледі. Спринт біліктілігінң старт-парағын http://wsports.kz/ сілтемеге өту арқылы тамашалай аласыз.
 
Еске сала кетейік, шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогы, ертең яғни 13 қарашада Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы базасында басталады. Спортшылардың спринттері классикалық қозғалыс стильде өтеді.
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫ: СПРИНТ БІЛІКТІЛІГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
13 қараша Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңі басталды. Қазіргі уақытта әйелдер мен ерлер жарысының біліктілігі аяқталды.Нәтиже бойынша қазақстандық Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко және ресейлік Дарья Рогожина көш бастап тұр. Ерлер арасында ресейлік шаңғышылар Андрей Кузнецов, Сергей Волков және ҚР Ұлттық құрамасының өкілі Святослав Матасов бар.

Біліктіліктің толық хаттамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://wsports.kz/ .

Ұлттық федерациялардан атаулы өтінімдер 11.11.2021 сағат 17:00-ге дейін fis@skisite.kz электрондық почтасы бойынша қабылданады.

- Жарыс FIS Халықаралық ережелері (ICR) және FIS құрлықтық кубогының ережелері бойынша өткізіледі.

- Белсенді FIS-кодының болуы міндетті, қатысушылардың ең төменгі жасы- 2006 ж.т болуы тиіс

- Ең жақын халықаралық әуежайлар: Көкшетау (70 км), Астана (240 км), Петропавл (270 км). Қазіргі уақытта Мәскеу, Киев, Минск, Санкт-Петербург, Новосибирск, Қазан, Омбы, Калининградпен тұрақты рейстер жаңартылды.
-Т/ж көлігі: "Бурабай курорты" станциясы Щучинск қаласында орналасқан.
- A1 автомобиль магистралі Щучинск қаласын Астана және Петропавлмен байланыстырады.

- Трансфер: өтінімдерді 09.11.2021 дейін беру қажет

ҚОСЫМША ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1
Rixos Borovoe
Rixos Borovoe (5*) borovoe-ru.rixos.com
+7 71636 20 100
2
«Жаксы» спорт базасы
zhaksi.kz +7 71636 51 014
3
«Абильды»
+7 71636 43 800
Байланыс телефоны

Негізгі сұрақтар бойынша:

e-mail: fis@skisite.kz

тел.: 8 777 241 24 24


Байланыс телефондары:
Қонақ үй әкімшілігі: 8 716 36 7 92 41
Қабылдау бөлмесі: 8 716 36 7 92 93
e-mail: vko_cop@mail.ru

Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., ЦРБ 5 «а» шағын ауданы.