NATIONAL SKI CENTER
NATIONAL SKI CENTER
МЕЙРАМХАНА
Бұл мейрамхана ең алдымен Ұлттық шаңғы орталығының аумағында қонақ үйде тұратын спортшыларға арналған. Мейрамхана мәзірі калория, дәрумендер мен минералдардың қажетті мөлшерін ескере отырып, күнделікті тамақтану рационына сәйкес жасалған.
Қонақ үй кешені Ұлттық шаңғы орталығының аумағында орналасқан. Қонақ үй спортшыларды, қатысушыларды және ұйымдастырушыларды қабылдауға қуанышты
ҚОНАҚ ҮЙ
Төрешілер павильоны-Ұлттық шаңғы орталығының маңызды нысандарының бірі. Мұнда ақпараттық технологиялар және телевидение бөлімі орналасқан. Тікелей эфир телестудиясы, тайминг, хронометраж бөлімі, комментаторлық кабиналар, допинг-бақылау және секритариат жұмыс істейді. Ғимараттың төбесінде стадионның панорамалық көрінісі ашылатын шолу алаңы орналасқан. Барлық іс-шаралар төрешілер павильонынан жария етіледі.
ТӨРЕШІЛЕР ПАВИЛЬОНЫ
ОРТАЛЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
1
2
3
4
5
СПОРТ КЕШЕН
Спорт кешені көптеген спорт залдарын ұсынады. Бұған бассейн, сауна, тренажерлік, бокс, ойын және еркін залдар кіреді. Барлығы халықаралық стандартқа сәйкес және жарыстың кез-келген деңгейін қабылдай алады. Мұнда сіз жаттығуға арналған көптеген спорттық жабдықтарды таба аласыз. Әр залда спорттық жаттығулар туралы толық ақпарат беруге және көмектесуге дайын кәсіби нұсқаушы бар.


Медициналық-қалпына келтіру орталығы-сауықтыру, оңалту бойынша қызметтер кешенін, сондай-ақ денсаулық пен сұлулыққа арналған жаңа технологияларын ұсынады. Мұнда спортшылар құрама командалар дәрігерлерінің ұсынымдары мен нұсқаулары бойынша қалпына келтіру рәсімдерінің толық кешенін ала алады, қазіргі заманғы медициналық жабдықта ағымдағы медициналық тексеруден өте алады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ОРТАЛЫҒЫ
6
ТРАМПЛИН
Ұлттық шаңғысы орталығының шаңғы трамплиндер кешені - бұл әлемдегі бірегей нысандардың бірі.Екі еңісі бар мұнараның биіктігі (К-90 және К-125) 82 метрді құрайды. Нысананның инфрақұрылымы әлемдік біріншіліктер мен чемпионаттарды өткізуге есептелген. Спортшылар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған.
7
Биатлон-шаңғы стадионында жалпы ұзындығы 11 км болатын шаңғы трассалары бар, оның құрамында әр түрлі деңгейдегі 16 сертификатталған FIS трассалар, ені 6-дан 12 метрге дейін және ұзындығы 10 шақырымнан асатын шаңғы-роллер трассасы бар. Стадион жасанды жарықтандыру, қар басу, бейнетрансляция және хронометраж жүйелерімен жабдықталған.
БИАТЛОН-ШАҢҒЫ СТАДИОНЫ
Байланыс телефоны

Негізгі сұрақтар бойынша:

e-mail: fis@skisite.kz

тел.: 8 777 241 24 24


Байланыс телефондары:
Қонақ үй әкімшілігі: 8 716 36 7 92 41
Қабылдау бөлмесі: 8 716 36 7 92 93
e-mail: vko_cop@mail.ru

Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., ЦРБ 5 «а» шағын ауданы.